Азаттығымның айбыны – сап түзеген сарбаздар

Азаттығымның айбыны – сап түзеген сарбаздар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Өз әскерін қамтамасыз етпеген ұлт – өзгенің әскерін қамтамасыз етеді» деген   әскер басшыларының  қанатты сөзі бар. Ал, енді өз әскерінің рухани болмысын ойламау да, үлкен айып екені белгілі. Отар гарнизонының 63302 әскери бөлімінің ұйымдастырумен әскер қызметкерлерінің діни сауатын ашу мақсатында келелі жиын өтті.

Жиынға аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы қатысты. Д.Жандосұлы әскери-медициналық бөлім қызметкерлеріне   ислам дінінің құндылықтарын батыр болған аталарымыздың  дінді берік ұстанғаны туралы тарихи мысалдармен келістіре отырып  жеткізді. Дін тақырыбын өрбіте елімізде әрекет етіп жүрген кейбір  ағымдардың  теологиялық ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

Найб имам көтерген тағы бір мәселе – сарбаздар арасында орын алатын  өзіне-өзі қол жұмсау  фактілері турасында болып, аталмыш кері істің кесепаты жайлы уағыз айтылды. Әскер қатарында  байтақ еліміздің түпкірінен азаматтар жиналатынын ескерсек, әскери қызметкерлермен имани кездесулердің маңызы орасан зор екені мәлім. Әскеріміздің рухы асқақ болса, діни сауатты болса, ұлттық қауіпсіздігімізде берік болатыны анық.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: