Ауыл қариялары мешітте бас қосты.

Ауыл қариялары мешітте бас қосты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Бір адам ілім үйренсе, онымен амал етпесе де мың рәкат намаз оқудан артық сауап алады. Егер үйренген ілімімен амал етсе немесе басқаларға үйретсе, әрі осы сауапты алады, әрі қияметке дейін онымен амал еткендердің сауабын алады». 

    Пайғамбарымыз с.ғ.с «Дәрет – намаздың кілті, намаз- жәннәттің кілті» деген. Бүгін Мойынқұм ауданының имамы Көкжелек ауылында  «Шопан ата» мешітінде бесін уақытында ауыл қарияларымен кездесіп, бес уақыт намаздың құндылықтары және жамағат намазының сауабы жөнінде  тартымды уағызын айтып, ауылды бірлікке, ынтымаққа шақырды. Мешітке келген жамағат аудан имамына көкейлерінде жүрген діни түрлі сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

     Ақшам намазынан кейін аудандық мешітте уағыз-насихат жалғасын тауып, ұлт тұтастығына нұқсан келтіретін діни жат ағымдар мәселесі, сәләфизмнің жастардың санасын улаудағы іс-әрекеттер мен оның зардаптары туралы сүбелі сөз айтылды.

Мойынқұм ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: