Суицид – қоғам дерті!

Суицид – қоғам дерті!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Жаратушы Иеміздің адам баласына берген нығметтері шексіз, сол нығметтердің ішіндегісі Алланың бізге берген жарық дүниесі, яғни өмірі. Ал, кейбір адамдар сол берілген өмірдің қадірін түсінбей әр-түрлі себептермен Алланың берген аманат жанын өз қолымен қиып жатады.

Шу қалалық “Жәми” мешітінің найб имамы Бахтияр Нармұханов Шу аудандық күзет қызметкерлерімен аталмыш тақырыпта кездесу өткізіп, осы тақырыпқа байланысты біраз мағлұмат берді.

 Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана қию (суицид). Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі болады. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өз-өзіне қол жұмсауға барып жатады. Өзін-өзі өлтіру әр-түрлі жастағы адамдар, яғни жасы да, кәрісі де, орта жастағылар және кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасында болып жатады.

   Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін-өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл-ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.

  Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін-өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды.

Суицидтің алдын алу жолдарының бірден-бір жолы ол имандылық. Адам баласы Аллаға деген шынайы сенімі, аақыреттен үміті бар болса ол, ешқашан жаман іс-әрекетке бармасы ақиқат. Бірақ өз-өзіне қол жұмсау тығырықтан шығатын жол емес екенін ұмытпауымыз керек.

Шу қалалық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: