Рухы асқақ жандар

Рухы асқақ жандар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен әрбір ай қайырымдылық жасау арқылы ерекшеленуі қажет. Осы қайырымдылық шарасы ақпан айында «Мүгедек жандарға мейірімділік танытайық» атты  тақырыпта өтті. Қордай ауданының дін қызметкерлері де науқаннан қалыс қалмай, өз мүмкіндігінше   үлестерін қосып, бауырларымызға өз көмектерін көрсетті.

Аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен тағдырдың сынағына ұшыраған  азаматтарға   азық-түлік қабшықтарын үлестірді. Онда 6 кг ет, 10 кг қант, 10 кг ұн, 10 макарон және шәй бар. Бас имам Ж.Шалбаев бастаған топ  арамызда мүмкіндігі шектеулі болғанымен, өмірден үміті көп жандарды аралап, сыйлықтарды үлестіріп, Алланың  құлдарына беретін сынағы мен тағдырға иман келтіру турасында уағыз-насихат айтты.

Жандос есімді бүлдіршін ағаларының келгеніне қуанып, өз құрбыларынан қалмай әрекет етуге ылғи дайын екенін жеткізіп, үмітінің үзілмегенімен бір қуантты.  Науқан барысында Марина Степановна есімді екі көз жанарынан айырылған, жарық күнді көре алмайтын, әрі тек өзі жалғыз тұратын апамыздың үйінде болдық. Марина Степановнамен қонақтардың мүлдем келмейтінін уәж етіп, мешіттен келген дін қызметкерлерін қуанышпен қарсы алды. Жарасымды сұхбат жүргізіп, біраз мәселелер бойынша әңгіме өрбіді. Апамыз Ислам дінінің ұрпақ тәрбиесіндегі, жақынға қол ұшын созу жөнінде көп еститінін айтып, бүгін міне, осындай игі іс-шараның куәсі өзі болып отырғанына қуанып, шексіз алғысын білдірді.

Қасық ауылдық «Құдайберген» мешіті имамы С.Аманбаевтың ұйымдастыруымен мектеп қабырғасында  қайырымдылық науқанын өткізді. Науқан барысына  3   құлағы естімейтін мектеп жасындағы оқушыларға жылы аяқ киім, күртеше және оқу жылының аяғына дейін жеткілікті болатын оқу құралдарымен қамтамасыз етілдң.

Тағдырдың ауыр соқпағынан селт етпеген олар қандай қиындық болмасын, қасқайып қарап тұра білді. Мұндай науқан әлеуметтік көмек көрсетіп қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді. Қордай ауданының дін қызметкерлері мұндай айтулы көмектерді  жалғастырып тұрудың жолдарын қарастыруға білек сыбана кірісіп та кетті. 

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: