Шаңырақтың берік тірегі – ата-ана

Шаңырақтың берік тірегі – ата-ана

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Бүгін Көкжелек ауылы Б.Момышұлы орта мектебінде «Ата-ананың қадірі» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы З.Исаев, ауыл молдасы, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Жиын барысында аталмыш мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Аманова Қарлығаш баяндама оқыды. Аудан имамы өз сөзінде: «Адамның дүниеге келуіне себепкер болып, жетілуінде ерекше рөлі бар ата-аналар – ең әуелі құрмет көрсетілуі тиіс аяулы жандар. Адамның дүниеге келуі, өсуі-өнуі басқа тіршілік иелеріне қарағанда ерекше. Жануарлардың төлдері қысқа уақыттың ішінде жетіліп, өзінің төл қызметін атқаруға бірден кірісіп кетеді. Ал, адамның ес біліп, етек жабуына, одан есейіп ақыл тоқтатуына бірнеше жыл қажет. Баланың жарқын болашағы мен бақыты үшін ты-ным таппай шарқ ұрған ата-ананың балаға деген мейірімі мен өмірде тартқан тауқыметінің қандай болатынын кесіп-пішіп айту аса қиын. Ата-ананың қадірін түсініп, оларды Алланың рақымдылығына бөленуге себепкер деп білгендер – бұл дүниеде де, арғы дүниеде де бақытты жандар, ал оларды өздеріне жүк санап ауырсынғандар – өз келешегінің бақытын байлағандар. Ата-анаға лайықты дәрежеде құрмет көрсетпеу – Хақ тағалаға қарсы келумен бірдей күнә. Ислам діні отбасыға, әсіресе, оның ең негізгі екі тірегі – ата-анаға ерекше мән берген. Мықты отбасы негізінде баянды қоғам қалыптасатынын айта отырып, осы күрделі мәселеге қатысты бұлжымас қағидаларды орнықтырған. Әуелі Алла алдындағы борыштарымыздан кейін бірден ата-анаға деген міндеттеріміздің келуінде ерекше мән бар.  Алла тағала бұны бізге: «Сіздерге Раббыңыздың нені харам еткенін білдірейін. Оған (Аллаға) еш нәрсені серік қоспаңдар, ата-анаға жақсылық жасаңдар!» , – деді имам.

  Оқушылар туындаған өз сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алған-ды.

                                                                                                               Ә.Сүйіндік

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: