Шу қалалық «Айтқұл баба» мешітінің ұйымдастыруымен отан үшін, халық қамы үшін өрт сөндіру қызметінде қызмет атқарып жүрген азаматтармен кездесу өтті.
Іс-шарада қоғамның түйіткіліне айналған тартысты да қызықты тақырыптар қозғалып, күрмеулі сұрақтардың адуынды жауаптары берілді.
Исламдағы отанды, туған жерді сүю, бұқараға қызмет ету сынды мәселелерді ортаға салған кездесу елге деген махаббатты күшейткен бас қосу болған-ды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.