Мүмкіндігі шектеулі болса да, мүддесі биік жандар көпке үлгі

Мүмкіндігі шектеулі болса да, мүддесі биік жандар көпке үлгі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» мешітінің ұйымдастыруымен тағдырдың жазуымен тауқыметке тап болған қоғамымыздағы мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған ақ дастархан жайылды. Аталмыш іс-шараға арнайы 15 адам шақырылған болатын. Сонымен қатар Мешітке қонақ болған ақжүректілерге сыйлықтар жасалып, «Дін мен дәстүр» және «Намаз оқып үйренейік» кітабы сыйға тартылды. Қайырымдылық отырысына жұмсалған қаражаттың жалпы құны 100 000 теңгені құрады.

Жиында сөз басын ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев бастап, ақсақал қариялар ақ батасын берді. Берекесі мол дастарханнан дәм татылып, «Шынайы бақыт», «Алла разылығы мен Раббымызға деген махаббат» сынды сүбелі сөз бен уағыз айтылды.

«Туғанымнан екі қолым болмаса да, мен өзімді мүгедекпін деп сезінген емеспін. Ата-анамның қамқорлығында болып, мектеп, университет бітірдім. ИншәАлла жаннатта ең әдемі аяқ сізде, ең әдемі қол менде болады. Қазір құшақтай алмасам да, бұйыртса жаннатта мұсылман бауырларымды құшағыма ала аламын,» – дейді Анар.

Ел ағасы жасындағы мүмкіндігі шектеулі ағалар да Құран оқып, дұға-тілктерін бағыштады.

Қандай болсын жағдайға тап болса да жүздерінен жадыраған нұр үзілмейтін мерейлі жандар мешітке шынайы алғысын айтып тарқасты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.    

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: