Жамбыл ауылдық округінің Абай орта мектебінде «Әулие Валентин күнін тойламау және мейрамдамау» жайлы ауыл жастарымен және мектеп оқушыларымен кездесу өткізілді.
Ауыл молдасы Талғат Таукеев ауыл жастарына қазақылық санаға жат дүниені толығымен түсіндіріп жеткізді. Жалпы бұл мерекені шариғатымызда, ата дәстүрімізде қазақ ұлты жөн көрмеген.
Егер Алла бізге бір нәрсені тыйым салса, міндетті түрде одан абзалын береді. «Орта түзер ойыңды, ойың түзер бойыңды» деп дана Абай бекер айтпаса керек. Талғат Таукеев сөз сондықтанда біз мұндай мерекелерді тойламауымыз керек, бойымызды жаман әрекеттерден аулақ сақтауымыз керек деп, сөзін қорытындылады.
Жамбыл ауылдық округінің Жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы, жалпы Әулие Валентиннің кім екендігі жайлы жастарға баяндама оқыды. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алған-ды.
Ә.Сүйіндік