ҚМДБ бекіткен төрт бағыттың бірі – уағыз-насихат жүргізу. Осыған орай, Шу ауданына қарасты Бірлік ауылының М.Х.Дулати атындағы мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында ауданның бас имамы Қ.Мусаев имамдар форумында қабылданған 4 құжат жайлы баяндап өтті. Сонымен қатар оқушыларға діни білімнің маңыздылығы жайлы түсіндіріп, ағымдардан, азғындықтардан алыс жүріп, адамдық қасиетті сақтау әрбірімізге міндет екенін, экстремизнің зияны мен зардаптары жайлы, және оған жол бермеудің жолдары мен қағидаларын түсіндірді.
Жиын соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі