Қала имамдары жаңа мешітте жиын өткізді.

Қала имамдары жаңа мешітте жиын өткізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәулеті көкпен таласқан қазіргі кезеңнің түрлі көз жанарын алар ғимараттарының ішінде жүрекке жақыны да, ең тартымдысы әрі үлгісі ескірмесі де мешіт екені жасырын емес. Сол мешіттерден баршаға белгілі Тараз шаһарында жаңадан бой көтерген «Кеңесхан қажы» мешітінде қалалық мешіт имамдарының жиналысы өтті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев жиын тізгінін ұстап, бірқатар мәселелердің түйіні тарқатылды.

Аталмыш жиында теріс ағыммен күрес жұмыстарын одан әрі жандандыру мәселесі тілге тиек болды. Айта кетелік, осы бағытта облыстық мешіттің найб имамдары аудандық мешіттерде арнайы дәрістер жүргізуде. Ал, ендігі кезек қала имамдарының білімін шыңдауда болып отыр. Сонымен қатар, бас қосуда жамағаты аз мешіттерде жұма намазын оқуды тоқтатып, 4-5 мешіттің жамағатын 1 ғана мешітке шоғырландырып, саннан сапаға көшу мәселесі   (қазіргі кезде 22 мешітте жұма намазы оқылуда), арнайы бекітілген жұма уағызынан тыс тақырыптарда уағыздың айтылмауы қозғалды.

«Жақында қалалық имамдарды, содан кейін облысқа қарасты имам-молдаларды аттестациялауды бастаймыз. Аттестация 2015 жылы Төралқада қабылданған 4 құжат бойынша тапсырылады. Сондай-ақ, жеткілікті деңгейде жұмыс істемейтін мешіт имамдарын орнынан босатып, білімді имамдарды тағайындаймыз, - дейді «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: