Жақсыдан шарапат

Жақсыдан шарапат

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    «Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» дейді дана халқымыз. Сол жанашыр ағаларымыздың шарапатты істері халық игілігіне қызмет етіп жатқандығы жасырын емес. Биліктің тұтқасын ұстаған аудан басшылары мен ел арасындағы жанашыр жақсыларымыздың көмегімен қайырымды істер қолға алынып, жүзеге асуда. Талас аудандық «Қаратау» мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Алиевтың ұйытқы болумен аудандық «Қаратау» мешітіне жылу жүйесі, соның ішінде еденге жылыту жүйелері  орнатылып  мешітке арналған төсеніш кілемдер толықтай жаңартылды. Бұл ретте аудан әкімі Болат Рысмендиевтің басшылығымен  аудандағы бірқатар мекеме, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері бір қолдың сағасындай жұмыла, ауызбіршілікпен атсалысты.

      Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын демекші, жақсының жақсы істерін көре білу барда, оны айта жүру бар. Жақсылықтың қайырымы Алладан. Осындай игілікті іске ұйтқы болған кәсіпкелерді аудан имамы Нұрсұлат Алиев алғыс хатпен марапатады. Сондай-ақ, аудан әкімі Болат Қанатбайұлы Рысмендиевке және атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдірілді.  

 Аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: