Мәуліт мерекесінде қайырымдылық көрсетілді.

Мәуліт мерекесінде қайырымдылық көрсетілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағаланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың дүниеге келген күні – Мәуліт мерекесі аудан орталығындағы «Байзақ баба» мешітінде кеңінен аталып өтті. Аудан әкімі М.Шүкеев, аудандық прокуратураның аға прокуроры Б.Қалыбаев, жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Дәуренбековтер қатысқан шарапаты мол шарада «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Р.Азимов ұлық мерекемен жиналғандарды құттықтап, Аллаға мадақ айтты, Мәуліттің маңызына тоқталды. Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Таңат қажы Тілманбетов Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолына, көркем мінезіне, адамзатты имандылық жолына насихаттайтын ислам дінінің құндылықтарына кеңінен тоқталып, құран оқыды. Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің найб имамы Ораз Баймаханов Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолына тоқталып, ғибратты істерін мадақтап, Алла елшісіне (с.ғ.с.) салауат айтты.

Рухани шара барысында Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен алатын іс-әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтуге және түрлі теріс қылықтардан сақтанудың маңызы мен дініміздің құндылықтары туралы уағыз айтылды, сондай-ақ, жиналған көпшілікке ас берілді.

Мәуліт мерекесінде «Байзақ баба» мешіті қызметкерлерінің ұйытқы болуымнен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, бас имам Рамиз қажы 12 отбасыға азық-түлік өнімі мен ақшалай көмек көрсетті.

Сонымен қатар, аталмыш мерекенің осындай дәрежеде аталып өтуіне демеушілік жасаған, мәрт азаматтар А.Жәмішжанов, А.Болатбеков және А.Қоштаевтарға құрмет көрсетілді.

Байзақ ауданы.

һіbatulla.kz

Жетібай ауылы "Ақыл ата" мешіті

Дихан ауылы "Дихан" мешіті

Талас ауылы "Ан-Нағим" мешіті

Көкөзек ауылы "Жантай ата" мешіті

Бурыл ауылы "Шолпан Дәуіт"  мешіті

Мадімар ауылы "Мадімар" мешіті

Көкбастау ауылы "Қалмұрат баба" мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: