Мұқтаждарға көмек көрсету – әрбір мұсылманға міндет. Ал, жақсылық – жүректі жібітер, мейірімнің мерейін үстем етер амал. Осы орайда, бұқараның ортақ үйі болған мешіттер қашанда халыққа көмек қолын созып, жәрдем көрсетіп келеді.
Шу қалалық «Айтқұл баба» мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасыларға арналған қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. 3 отбасыға қой еті үлестіріліп, 1 жас отауға мешіт атынан кілем сыйға тартылды.
Осындай науқандар аталмыш мешітте жиі ұйымдастырылуда және жалғасын таппақ.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.