Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы.

Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз. М.Жұмабаев: «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ,» – деген.

Жастар тәрбиесін қалыптастыру мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде студенттермен кездесут өтті. Тек ЖОО-ның қыздарымен өткен жиынға ҚМДБ-ның Жастар ісі жөніндегі өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының психолог маманы Жанар Байгудлева, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының суицидолог маманы Багила Тулегенова, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының гинекологы ЛолаЖубатова, Филисофия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі ДинаКөлбайева, Кәмілетке толған жастардың ісі жөніндегі полиция полковник Қуанышбек Қалжанов, Филолсоф ғ,к доценті Мейірхан Спанов қатысты.

Аталмыш іс-шарада дініміздегі тәрбие, әдеп мәселесі де тілге тиек болып, жастар көкейіндегі сан сауалға осы кездесуде жауап тапқан-ды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибаулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: