«Кеңесхан қажы» мешіті жамағатқа есігін ашты.

«Кеңесхан қажы» мешіті жамағатқа есігін ашты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Мешіт – Алланың жердегі үйі, халықтың ең көп жиналатын орны. Қасиетті Құранда: «Алланың мешіттерін шынымен Аллаға және ақырет күніне сенген, намазды толық өтеген, зекет берген, тек қана Алладан қорыққан адамдар ғана ұстайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болуы үміт етіледі» дейді («Тәубе» сүресі, 18-аят).

Бүгін Тараз шаһарында бой көтерген «Кеңесхан қажы» мешітінде жұма намазы оқылды. Тарих сахнасында елеулі орын алар ұлық мерекеге орай көненің көзі болған Тараз шаһарында дін мен дәстүрдің озық үлгісі болған, сәулеті келісті мешіт тұрғызылған болатын. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, аталмыш мешіт бүгінде жамағатқа есігін айқара ашты. Өз жұмысын бастаған мешітте бүгінгі жұма намазын ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев жүргізді. Құран оқылып, халыққа уағыз айтылды.

Төле би даңғылында орналасқан мұнарасы көкпен таласқан мешіттің имамы болып ҚМДБ-ның бұйрығы бойынша Ғазиз Ахметов тағайындалған болатын. Сондай-ақ, ғимарат әйелдер намазханасымен, дәретханамен қамтамасыз етілген. Оның бас қақпасы қасиетті Құран кітабын бейнелейді. Ал, онда Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) уахи етілген қасиетті кітаптың алғашқы аяттары «әл-Фатиха» мен «әл-Бақара» сүресінің 5 аяты жазылған. Құрылыс қабырғасында қазақтың ұлттық нақышы – ою-өрнектер салынған. Мешіт сыйымдылығы – 1000 адам.

Жамағат қала тағы бір ғибадат үйімен толыққанға қуанып, мешітке ағылуда.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибаулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: