Аудан имамдарымен семинар өткізілді

Аудан имамдарымен семинар өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінін халыққа насихаттап, жеткізуде имамдардың орны ерекше. Сондықтан имамдардың қоғамдағы жауапкершілігін түсіндіре отырып, діни-танымдық тәжірибе алмасу – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

Осы жайттарды ескере отырып, ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен «Нұр-Мубарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде имамдардың біліктілігін арттыру курсында білімін шыңдап келген Қордай ауданының найб имамы, дінтану магистрі Д.Жандосұлы ауыл имамдарымен бір күндік семинар өткізді. Семинар шымылдығын ашқан бас имам Ж.Шалбаев дін қызметкерлеріне  білім алу маңыздылығын  дін қызметкерлері қашанда жете түсінетінін айтып, қазіргі заман имамы жан-жақты сауатты болып, өз білім деңгейін  ылғи да көтеріп отыру арқылы, қазіргі уақытта пайда болған саны көп аты алуан ағымдарға тойтарыс берудің ең тиімді түрі екенін жеткізді.

Семинар ақида, бидғат жайлы түсінік, неке және талақ мәселелері және Ханафи мәзһабының дәлелдері пәндері бойынша өткізілді. Бүгінгі күні басты мәселеге айналған теріс ағымдар жайы мен оларға  діни білім арқылы қалай төтеп беруге болатыны жайында дәріс оқылды.  Басқа да маңызды мәселелер бойынша  дәріс жүргізілді. Дәріс алып жатқан имамдар семинар барысында біршама тың мәселелерге қанықты. «Бесіктен қабірге дейін ілім ізде» деп ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде айтылғандай білім мен тәжірибені арттыратын осындай пайдасы зор семинар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Семинар таң сәріден кешке шейін өтіп, ешбір кедергісіз өту мақсатында  түскі ас әзірленіп, имамдарымыз білімін шыңдап қайтты.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: