Қордай ауданының бас имамы Ж.Шалбаевтың ұйытқы болуымен Қордай өңірінде қызмет атқарып жатқан имам-молдалар кезекті жиында бас қосты.
Ж.Шалбаев жиналыста көтерген өзекті мәселе – ҚМДБ тарапынан қабылданған төрт құжаттың бұқара халық арасында кеңінен талқылануы. Құжаттың маңыздылығын тағы да атап өткен бас имам құжат аясында қызмет етуге шақырды.
Келелі жиында Ж.Шалбаев ҚМДБ және өкілдік тарапынан келген тапсырмаларға жеке-жеке тоқталып, берілген тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындауды жүктеді. Жиналыс кейіннен семинарға ұласты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі