Шу ауданы Қонаев ауылындағы Қонаев мектебінде жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті. Жиынға Қонаев ауылы әкімінің аппарат бөлімі жетекшісі Т.Түсппеков, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы М. Балкожа, «Жастар орталығы» КММ-ның қызметкері М. Айтбеков және Қонаев ауылдық мешітінің молдасы В. Мустафаев қатысты.
Жиналыс жастар арасындағы көкейкесті мәселе, діни экстремизм, терроризм және тәлім тәрбие тақырыптары бойынша өрбіді.
Кездесудегі ең өзекті мәселені оқушыларға ауыл молдасы Ваид Мустафаев түсіндірді. Еліміздің болашағы жастар екенін айтып, теріс ағымға еріп кетпеу үшін діни сауаттылықтарын арттыру керектігін тілге тиек етіп, Құраннан және хадистерден шариғи уағыздар айтты.
Әдеттегідей жиын соңында оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі