Сауатты мешіт жамағаты – бірлік негізі

Сауатты мешіт жамағаты – бірлік негізі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам – бейбітшілік пен ынтымақтың діні. Адамзат баласын тату болуға, бөлінбеуге және бүлік шығармауға шақырады. Алла Тағала бұл жайлы «Әли Имран» сүресінің 103-ші аятында былай дейді: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер». Алайда бүгінгі таңда жат ниетті ағым бұқара халықты сонау ата-бабадан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту мақсатында түрлі айлы-шарғыларын жасап әлек.

Осындай қоғамдағы сауатсыздықтың алдын алу мақсатында «Һибатулла Тарази» мешіті төл ханафи мазһабымыздың жанашырлары болған жамағатты 1 айлық оқу курсына шақырды. Алланың діні үшін мазһабымыз бойынша ілім алуға Шу ауданынан 2 адам, Шу қаласынан 7, Байзақ ауданынан 3, Тұрар Рысқұлов ауданынан 1, Сарысу ауданынан 2 адам, Қордай ауданынан  2 адам, Тараз қаласынан 5 адам яғни барлығы 22 азамат медресеге келіп орналасты. Оқу курсы бүгін 1 ақпанда өз жұмысын бастады.

Ілім курсында Бақытұлы Нұралы, Оразов Исатай, Акмамбетов Асхат, Жапек Ғалымбек, Ембергенов Амангелды, Зайтинов Ержан сынды ұстаздар мен имамдар ақида, мазхабтар тарихы, Құран Кәрім, фиқһ, хадис ілімі, тәпсір, ханафи мазхабының дәлелдері пәндері бойынша дәріс береді.

Бүгінгі алғашқы сабаққа жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев ілім алудың маңызы жайында тілге тиек етіп, сәттілік тіледі. Айта кету керек, бұл бастама елімізде тұңғыш рет Жамбыл облысында қолға алынып отыр.

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді», – деп дана халқымыз текке айтпаған. Осынау алмағайып заманда мұсылмандардың басын біріктіріп, ел игілігі мен бірлігі секілді ортақ мақсаттарға жұмылдыру басты назарда болмақ. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: