Аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Д.Жандосұлы Қақпатас ауылдық мешітінде жамағатпен кездесу өткізді. Кездесуге Қақпатас, Сарыбұлақ ауылдарының жамағаты қатысты. Кездесу барысында Д.Жандосұлы елімізде орын алып жатқан кейбір өкінішті оқиғаларды ескере отыра исламдағы отбасы және бала тәрбиесі тақырыбында уағыз өрбітті.
Уағыз-насихат барысында мешіт жамағаты найб имамға сенім, ғибадат бойынша сұрақтарын қойып, өз жауаптарын алды. Кездесу қызықты өтіп, үш сағатқа созылды. Осындай ауылдық мешіт жамағатымен кездесулерді жиі өткізу жайлы ұсыныстар айтылып, нақты шешімдер қабылданды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі