Аудандық «Қордай» мешітінде алқа мәжілісінің қорытынды отырысы өтті. Жиын барысында Қордай ауданының бас имамы Ж.Шалбаев алқа мүшелерін 2015 жылы атқарған іс-шаралармен таныстырып, оңтайлы өзгерістер жайлы баяндады.
Ревизиялық комиссия мүшелеріне мешіттің бір жылғы кіріс және шығысы жайлы есеп беріліп, есеп бойынша да оң қорытынды шығарылды. Бас қосуда ревизиялық комиссияның төрағасы сайланды. Алқа мүшелері аудандық мешіт қызметкерлерінің жұмыстарына дән риза болып, алғыстарын айтып, үстіміздегі жылы бұдан үлкен жетістіктерге қол жеткізулеріне тілектес болды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі