Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мейірімді, жұмсақ жүректі болмайынша иман еткен болып саналмайсыңдар», – деген. (Ибн Аббас). Қайырымдылық мейірімділіктен көрініс табады. Қайырымдылық – адам жанының нұры, жүрек жылуы.
«Һибатулла Тарази» мешітінде «Мейірлі Мәулітпен қайырымдылық» атты қайырымдылық науқаны өтті. Көпбалалы, көмекке мұқтаж, жалғызбасты отбасыларға азық-түлік үлестірілді.
Науқанға арнайы шақыртылған жанұялар шын жүректен алғыстарын білдіріп, келген қонақтарға қария ақ батасын беріп, дұға тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.












13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

