Ауыл молдаларына семинар өткізілді.

Ауыл молдаларына семинар өткізілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінін халыққа насихаттап, жеткізуде имамдардың орны айрықша. Сондықтан имамдардың қоғамдағы жауапкершілігін түсіндіре отырып, діни-танымдық тәжірибе алмасу – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

Осыған орай кеше Жамбыл облысы, «Һибатулла Тарази» медресесінің директорының орынбасары Исатай Оразов, Тараз қаласындағы «Бегалы» мешітінің найб имамы Бахтияр Амреев Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының молдаларымен «Діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Шара барысында дінбасы Ержан қажы Малғажыұлының негізгі бағыттары түсіндіріліп, Исатай ұстаз ислам құндылықтары жайында кеңінен талқылады. Оның ішінде еліміздің ұстанатын дәстүрлі Ханафи мазһабын насихаттап, соңғы кездегі қоғамымызды алаңдатқан түрлі діни теріс ағымдардан қорғану және өкілдерінің үгіттеуіне еріп кетпеу жолдары жөнінде түсініктер берді.Ұлт татулығын сақтап, ізгілікке шақырудағы имамдар қызметінің әлеуметтік мән-мағынасына тоқталып, «имамдардың имамдық міндеттеріне құрметпен қарауы – асыл дінімізге құрмет білдіргенмен бірдей», – дей келе, ел тарихында қалар абыройлы істеріне береке тіледі.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ, әскери зейнеткер

Т.Рысқұлов ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: