Суицид қайдан шығады?

Суицид қайдан шығады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Балалар мен жасөспірімдер орталығында «Суицид қайдан шығады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

     Жиынға Кәмілеттік жасқа толмағандар жөніндегі аға инспектор, полиция майоры Талғат Жұманазарұлы Кодеков, Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Зият Мадибекович Исаев, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

     Мектептің оқу-ісі тәрбие жөніндегі орынбасары Айткүл Мырзағалиқызы Омарова келген қонақтарды ұстаздар мен оқушыларға таныстырып, аталмыш тақырыптың басын ашып берді. Мектеп мұғалімдері тренинг, пікірталас жүргізіп, баяндама оқыды.

Аудан имамы: «Аятта келгендей, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер, Расында Алла сендерге мейірбан». Ал, «Кімде-кім дұшпандықпен, зұлымдықпен солай істейтін болса, Біз оны тозақта өртейміз. Олай ету Аллаға оңай» дейді».

     «Жан адам баласына берілген Алла Тағаланың аманаты. Сондықтан біз өлімді емес, өмірді ойлауымыз керек. Осы мақсатта жастарымыздың Алла Тағалаға деген сеніміндерін, жүрегіндегі имандылықтарын арттыруымыз керек. Сонда біз ондай жаман әрекеттерге бармаймыз» деп, сөзін қорытындылады Зият Исаев.

     Оқушылар келген қонақтарға өздерінің сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Ә. Сүйіндік

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: