Түйіткілдің түйіні тарқатылды.

Түйіткілдің түйіні тарқатылды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ауданаралық жылжымалы семинар Тұрар Рысқұлов пен Меркі ауданына қарасты мешіттердің имам-молдаларының қатысуымен Меркі ауданындағы «Үміт сарайында» өтті. «Һибатулла Тарази» медресесінің директорының орынбасары Исатай Оразов, Тараз қаласындағы «Бегалы» мешітінің найб имамы Бахтияр Амреев орталық «Меркі-ата» мешітіне келіп, ауданның бас имамы Батырбек Қасымалиевпен сұхбаттасып, семинарды өткізу барысын талқылады.

Екі ауданның имам-молдалары «Үміт сарайында» бас қосты. Айта кету керек, семинардың өтуіне қамқорлық жасап, ғимарат дайындаған аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мелс Ракишев.

Жиынды ашқан Исатай Оразов: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облысымызға қойған талабы ауданаралық семинар өткізу, ол біз үшін бұл үлкен жауапкершілік. Алматы қаласында өткен семинарға облыстан 5 адам қатысқан болатын. Онда түйіткілді төрт тақырып қозғалды. Ең күрделісі – ақида мәселесі екені бәрімізге белгілі,» дейді.

Исатай Оразов ақида жайында көптеген мәселелерге тоқталды. Алла Тағаланың сипаттары, мекен беру жайында Құранмен, хадиспен нақты түсінік берді.  

Ал, Бахтияр Амреев ихтиләф мәселелері жайында, неке, талақ мәселелері турасында нақты, дәлелмен түсіндіріп өтті.

Меркі жеріне келген қадірлі қонақтар арнайы даярланған дастарханға жайғасып тамақтанды. «Меркі-ата» мешітінде бесін намазын оқып, семинар жұмысы одан әрі жалғасты. Түрлі сұрақтар қойылып, оған тұщымды жауаптар берілді. Семинар соңында бата беріліп, дұға жасалды.

Аудандық «Меркі-ата» мешіті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: