Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз Азизовтың мұрындық болуымен ауданда имам-молдаларға арналған семинар өткізілді. Семинар 2 бөлімнен құралды. Алғашқы бөлім аудан әкімшілігінде сағат 10:00 ден 12:30 аралығында жүргізілді. Аталмыш жиында ақида мәселесі тілге тиек болды.
Екінші бөлім «Байзақ баба» мешітінде өтті. Жамбыл облысының орталық «Һибатулла Тарази»мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев және Тараз қаласының «Құлый баба» мешітінің имамы Талғат Сматов уағыз-насихат айтты. Семинарға Байзақ ауданының аға прокуроры Болат Қалыбаев және ішкі саясат бөлім басшысы Мырзахан Маханбетов, Жуалы ауданының бас имамы Алмас Кенжебеков, ауыл молдалары және Жамбыл ауданының имам молдалары қатысты.
«Байзақ баба» мешіті