Имамдардың ілімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған Алматы қаласында өткен оқу курсына Жамбыл облысының имамдары қатысып келген болатын. Осыған орай, Мойынқұм аудандық мешітінде бір күндік семинар өтті. Жиынға Мойынқұм ауданына және Шу ауданына қарасты мешіттердің имам-молдалары қатысты. Семинарды облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев және Айсұлу ана мешітінің имамы Талғат Сматов жүргізді.
Дәрісте ақида, фиқһ, Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы, «Имамның тұлғалық келбеті» және «Сәләфизм ағымы» жөнінде, олармен қалай күресу жолдары жайында кеңінен мағұлмат берілді. Имамдар өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Ә. Сүйіндік