Мәуліт шуағы

Мәуліт шуағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының ұйытқы болуымен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туған күніне арналған «Мәуліт» мерекесі аталып өтті. Аталмыш іс-шара аудандық мәдениет үйінде өткізіліп, мерекелік іс-шараға аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы, аудан әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы, аудандық мәслихат хатшысы Рүстем Әлішұлы, аудандың бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы және ауыл тұрғындарымен ақсақалдары, ақжаулықты аналарымыз қатысты.

Мереке басында Жамбыл ауданының әкімі Мәден Тоқтарбайұлы іс-шараға жиналған қауымды мерекемен құттықтап, мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған діни көріністермен, арнайы бағдарламамен жалғасын тапты.

Ә. ӘМІРБЕКОВ

Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің найб имамы  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: