Талас ауданы Қаратау қаласы «Дарын» өнер орталығында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған айының құрметіне арналған мәуліт мерекесі аталып өтілді.
«Дарын» өнер орталығы мерекеге жиналған жамағатқа толды. Рухани кеште «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев және Талас ауданы әкімінің орынбасары Рахымжаным Қайрат ыстық лебіздерін білдіріп, мәуліт мерекесімен құттықтады. Бұл кеште «Асыл мұра» өнер орталығы арнайы шақыртылды. Мәдіхан Тәжиев «Мұхаммед Пайғамбарымыздың дүниеге келуі мен есеюі» жайында домбырамен мәуліт жырын орындаса, «Асыл мұра» өнер орталығының таланттары «Құнанбай», «Отбасы» сынды қойылымдарымен көрерменді тебірентті. Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтіліп, жұртшылықтың ризашылығына бөленуде.
Аудандық «Қаратау» мешітінің баспа сөз қызметі.