Қасық ауылы Мәуліт мерекесін өткізді.

Қасық ауылы Мәуліт мерекесін өткізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәуліт айы кіргелі кең байтақ елімізде бұл мереке түрлі іс-шаралармен көрініс тауып жатты. Қордай ауданының жамағаты да мәуліт мерекесін тойлаудан қалыс қалмай аудан орталығында кең көлемде мерекелесе, ауылдық жерлерде де мереке өз жалғасын табуда.

Қасық ауылы «Құдайберген» мешітінің имамы С.Аманбаевтың ұйытқы болуымен ауылдық мәдениет үйінде «Қош келдің, Мәуліт» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға, аудандық «Қордай» мешітінің найб имамы Д.Жандосұлы, ауыл әкімі А.Б.Әбдібаев, ауыл тұрғындары қатысты. Мерекелік кеш шымылдығы Алланың кітабы Құран аяттарын оқумен ашылды. Д.Жандосұлы жиналған жамағатты мерекемен құттықтап, «Пайғамбарға деген махаббат» атты әсерлі уағыз айтты, ауыл әкімі Айтжан Башанұлы мәуліт мерекесінің әсері ауыл тұрғындары арасында имандылыққа, ізігілікке тәрбилеу үшін өте маңызды екенін жеткізді.

Мереке барысында әлеуметтік маңызы бар жетімдіктің зардабы, ананың қоғамдағы маңызы сынды қойылымдар көрсетілсе, ата аспабымыз домбырамен дене шымырлататын күйлерде де орындалды. Түрлі қойылымдар аяқталған соң «Құдайберген» мешітінде дастархан жайылып, мереке өз жалғасын тапты. Халық өз ризалықтарын білдіріп тарқасты.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: