Ғаламның рахым нұры.

Ғаламның рахым нұры.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

    Т.Рысқұлов аудандық М. Өзбеков атындағы мәдениет үйінде, ғаламның рахым нұры, адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы, соңғы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мұхаммедтің туылған айына байланысты Мәуліт мерекесі арнайы аталып өтті. Мерекені көруге жиналған мұсылман қауымы мәдениет үйінің ішіне лық толды. Бір қуантарлығы, соңғы жылдары осындай иманды кештерге келетін жастар қатарының көбеюі. Бұл елімізде Ислам дінінің уақыт өткен сайын өрісі кеңейіп, жамағат жасарып келе жатқанының тағы бір айқын айғағы.

     Қасиетті Құран оқылғаннан кейін аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырған бұл кешке жиылған көшілікті Мәуліт мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев мұсылман жұртшылығын Мәуліт мерекесімен құттықтап, «Жалаладдин әс-Суйути» бұл мейрамға анықтама беріп былай дейді: «Бір үйде немесе мешітте пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мәуліті оқылса, сол үйді немесе мешіт адамдарын періштелер қоршап алады, олардың барлығына Алла тағаланың рақметі жауады және нұрға бөленеді. Себебі, періштелер пайғамбарымызға мәуліт оқыған адамға салауат айтып тұрады. Шындығында бүгінгі күн – туған күн тойлау емес, осы күні әлемге нұр шашқан таңдаулы тұлғаны (с.ғ.с.) тану боп табылмақ. Осы жерде  бас қосуымыздың мақсаты – мұсылман жұртшылығын бір жерге жинап, адамзат ардақтысының (с.ғ.с.) тағылымға толы өмірбаяны мен өсиеттерін жан-жақты насихаттап, оған деген үмбет сүйіспеншілігін ояту» – деп түйіндеген имам бүгінде Мәулітті бидғат, оны тойлауға болмайды деп жүргендерге шариғаттан дәлелдер келтіріп, мұндай әңгіменің бос сөз екендігіне тоқталды.

  Мерекенің мазмұнын байытып, мәнін аша түскен аудандық Басқар Битанов атындағы театр өнерпаздарының дін насихатындағы ғибратты оқиғаларға толы көріністері, оқиғаны көрермен жүрегіне жеткізе білген актерлік шеберліктері көрермен көңіліне ой салып, көздеріне еріксіз жас келтіріп, ерекше әсерге бөледі.

  Осы мерекені ұйымдастыруға мұрындық болған, аудандық «Сұлтан» мешітінің  бас имамы Сұлтаншәріп қажы  кешті әсерлі уағызбен жалғады. Расулулла (с.ғ.с.) өмірінен ғибратты мысалдар келтіріп қоймай, қазіргі мұсылман үмбетінің жай-күйі, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттер жайында сыр шертті.

      Жиын басында көшілік қауым «Алтын Сарай» майрамханасына барып, Мәуліт мерекесіне жайылған дастарханнан дәм татты. Онда «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы қари Данияр Жұмабаев марқұмдарға құран оқып, дұға қылды.

Әбілда Мейірханов,

 әскери зейнеткер.  

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: