Пайғамбар (с.ғ.с.) ғұмыры - үмметке ғибрат.

Пайғамбар (с.ғ.с.) ғұмыры - үмметке ғибрат.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы өткен Мәуліттің ерекшелігі – Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр Жұмабаев, найб имамдар, облысқа қарасты аудандардың бас имамдары Меркі жеріне келіп, Меркі жұртшылығымен Мәуліт мерекесін бірге мерекеледі.

Облыс басшыларының келудегі басты мақсаты Мәуліт мерекесін жұртшылық болып бірге тойлау және облыстық кезекті көшпелі семинар жиынын Меркі ауданыныда өткізу. Меркі ауданында облыстық семинардың өтуі біздер үшін үлкен абырой.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туған күні «Мәуліт» мерекесі 20-шы қаңтар күні сағат 10 да аудандық «Мәдениет үйінде» мерекелік діни бағдарламаның куәсі болған аудан жұртшылығының жиналғаны соншалық ине шаншар жер жоқ. Мұсылман қауымның Расуллымызға деген сүйіспеншілігі зор екенін көрсетеді. Мәуліт мерекесін ауданның әкімі Бақтияр Көпбосынов ашып, жиналған көпшілікті Мәуліт мерекесімен құттықтады. Облыстан келген қадірлі қонағымыз Данияр Жұмабаев адамзаттық асылы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) туған күні «Мәуліт» мерекесімен құттықтап, Алла елшісінің ғибратқа толы өміріне тоқталып, Меркі жұртшылығына өз ризашылығын білдірді. Куә болғанымыз діни іс-шараның тартымды өткені. Көрермендердің көңілінен шығып, көздеріне жас алып, жүрек жарды ықыластарын білдіріп жатты. Жастардың өнерін тамашалап, Пайғамбарымыздың өмірінен көріністер көрсетілді. Жиналған қауымға 300 дана «Намаз оқып үйренейік» кітабы 250 дана басқа діни кітаптар таратылды.

Бесін намазының алдында «Меркі-ата» асханасында 500 адамға мерекелік дастархан жайылып ас берілді.

Облыстан келген қонақтар күн тәртібіндегі облыстық семинар кеңесті өкіл имам Данияр Жұмабаев басшылыққа алып, өткен жыл қорытындысына тоқталып, жаңа жылда атқарылатын жоспарлармен таныстырып, кейбір мәселелер талқыланды. Аудандардан келген бас имамдар өз пікір, ұсыныстарын айтты.

Өкіл имам Данияр қажы Меркі жерінде өткен «Мәуліт» мерекесіне жақсы деген баға беріп, өзінің көңіл жарды ризашылығын білдірді. 

 

Аудандық «Меркі-ата» мешіті

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: