Алатаудың көкмайсалы бауырында Тараз қаласының оңтүстік шығысында 150 шақырым жерде орын тепкен тарихы терең, табиғаты таңғажайып өлке – Меркі ауданында Жамбыл облысындағы аудан имамдарының мәжілісі өтті. «Меркі» аудандық орталық мешітінде өткен жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек, «Һибатулла Тарази» мешітінің іс басқарушысы Халид Қожахметов сондай-ақ, аудан имамдары қатысты.
Имамдар жиналысында төралқа хаттамасы, аудан имамдарының діни сауатын арттыру, мешіт жанашырларын сауаттандыру, аудан имамдарының жарнасы, теріс ағыммен жұмысты жоспарлы түрде жетілдіру, әр ауданнан білікті мамандарды шақыру, ЖАНТ жұмыстарын жетілдіру, газет-журналға жазылу мәселелері тілге тиек болды.
Сонымен қатар жылдық жоспар талқыланып, имамдарға 4 бағыт бойынша жаңа үлгіде жұмыс жасау, жаңа заңмен құжаттандыру жолдарын талдау және ауыл тұрғындарымен үздіксіз байланыста болу тапсырылды.
Имамдар халық үшін атқарылмақ жоспарларды талқылап, ойға ой қосты. Атқарылған іс-шараларға тоқталып өтіп, жетістіктері мен кемшін тұстарын ортаға салды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.