Тараз қалалық «Әулие-ата» мешітінің бас имамы Аят Дыбысұлы Алмахановтың мұрындық болуымен қала имам-молдалардың жиыны өтті. Аталмыш шараға Тараз қаласына қарасты имам-молдалар қатысты. Бас қосу барысында «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы» тілге тиек болды. Тұғырнаманы кең ауқымда талдап, білу керек екендігі басты назарға алынды.
Сонымен қатар имам-молдалардың атқарып жатқан қызметтері де қозғалды. Мешіттің кұжаттарын жеке адамның атынан діни басқарманың атына ауыстыру мәселесі қаралды.
Сондай-ақ, «Нұр Мүбәрак» университетіне барып, білімін жетілдіріп келген «Құлбай-баба» мешітінің имамы Талғат Сматов алған ілімінен, түйген жетістіктермен бөлісті. Ол өз сөзінде қазіргі таңдағы күрделі мәселелерді реттеуде ел болып атқаратын, соның ішінде имам-молдалардың атқаратын қызметінің ролі зор екенін айтты.
Мәжіліс соңынан ақсақал-молда аталарымыз ақ батасын берді. Имам-молдаларымызға мешіт қызметіне байланысты тапсырмалар жүктелді.
«Әулие-ата» мешітінің баспасөз қызметі.