Мойынқұм ауданында Мәуліт мерекесі ұлықталды

Мойынқұм ауданында Мәуліт мерекесі ұлықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Мойынқұм аудандық Мәдениет үйінде «Қош келдің, Мәуліт айы» атты рухани кеш өтті. Мәуліт кеші қасиетті Құран аяттарын оқумен, әжелеріміздің шашуымен ашылды. Рухани кешке аудан әкімі Бақытжан Нүркенов, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев, ауыл молдалары, ауыл әкімдері, ауданның мекеме басшылары, мешіт жамағаты, ауыл тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі Бақытжан Нүркенов жиналған көпшілікті Мәуліт мерекесімен құттықтап,ақ тілегін білдірді. Ал, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы Алла Тағала Құран Кәрімде: «Әлбетте, сен ең көркем мінезге иесің» деген аятты келтіріп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көркем мінезділігі жөнінде уағыз айтты. Аудандық ақсақалдар төрағасы, ауданның қариялары мен ақ-жаулықты әжелері ақ тілектерін білдіріп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) арналған арнауларын оқыды.

Мойынқұм аудандық мешітінің бас имамы Зият Исаев өзінің шәкірттерімен бірге Мәуліт шәриф өлеңін оқып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтты. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арнап Нұрболат Шикетаев арнау айтса, Гүлназ Сүйіндік ақ жаулықты аналарымыз, әжелерімізге арнап әсем ән айтты. Кеш соңында жиналған көпшілікке Мойынқұм аудандық мешітінің атынан «Намаз оқып үйренейік»кітаптары таратылды.

Ә. Сүйіндік 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: