Мәуліт мерекесі – мұсылман берекесі!.

Мәуліт мерекесі – мұсылман берекесі!.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы Бөлтірік ауылында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) туған айы мәуліт мерекесін кең көлемде атап өтілді. Жиынға ауданның бас имамы Қуандық Берікұлы және Алматыдан арнайы шақырылған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, атап айтқанда, пәтуа бөлімінің менгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, «Нұр-Мүбәрәк» университетінің магистранты Жасұлан Жүсіпбек, уағыз-насихат тобының мүшесі Ризабек Батталұлы, «Нұр-Мүбәрәк» университетінің докторанты Оралхан Рахматбекұлы және орталық мешіттің азаншысы Қасым Ашимов қатысты.

Мәуліт кеші бүкіл өмірі өнегеге толы адамзаттың ардақтысы сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед салалаху ғалейхим ассалямнің құрметіне Құран оқылумен ашылды.
Арнайы Алматыдан келген қонақтар Алланы және оның сүйікті елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед салалаху ғалейхим ассалямді сүйю туралы әсерлі уағыздар айтып, мектеп оқушылары әсерлі көріністер қойып өнерлерін көрсетті.
Жиналған көрермен Пайғамбарымыз салалаху ғалейхим ассалямнің туралы біраз мағлұматалып, ерекше ықыласқа бөленді.
Кеш соңында жиналған жұртшылыққа асханада дастархан жайылып ас берілді.

Шу аудандық Төлеби мешітінің баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: