Қош келдің, мәуліт!

Қош келдің, мәуліт!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Қордай батыр» мешітінің ұйымдастыруымен Қордай аудандық мәдениет үйінде «Қош келдің мәуліт» атты рухани кеш өтті. Рухани кешті елге танымал «Асыл мұра» өнер орталығы өткізді. Мереке қасиетті Құран аяттарымен басталды. Кештің қонағы Аудан әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаев жиналған жұртшылықты мәуліт мерекесімен құттықтап, аудан көлемінде асыраушысыз қалған 300-ге жуық отбасыларға қамқорлық жасады.

Сондай-ақ, Құрбан айт, Ораза айт мереке күндері қайырымдылық акцияларын өткізіп жүрген «Қызыл ай» қайырымдылық қорының директоры Мухаммад Бахуш, «Құл қожа Ахмет Йассауи білім және парасат» қоғамдық қорының призиденті Ахмет Зекай Якши аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Аудан көлемінде дініміздің өркендеуіне жақсы атсалысып және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан келген тапсырмаларды тиісті орындап жүрген ауыл имамдарын атап айтқанда, «Рахман» мешітінің имамы Ахан Малдыбаев, «Әл-Хафиз» мешітінің молдасы Сабит Алданазаров, «Қақпатас» мешітінің молдасы Жармахамбет Танекеев, «Кенен» мешітінің молдасы Саят Рахимов, «Абу Бәкір» мешітінің молдасы Лочи Рашид, «Дін ислам» мешітінің молдасы Мухаммед Дауров аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Мерекені облыстағы өкіл имамның уақытша қызметін атқарушы Ғалымбек Жапек ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с)өнегелі өмірі жайлы уағыз-насихатпен безендірді. Ұйымдастырып отырған рухани кешіміздің басты мақсаты Алла Елшісінің (с.а.с) өнегелі, ғибратты өмірін жақыннан танып, ұрпағымызға үлгі ете білу.

Қордай ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: