Ауыл молдарының жұмысы пысықталды

Ауыл молдарының жұмысы пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Т.Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың ұйымдастыруымен ауыл  имамдарының мәжілісі өтті. Аталмыш өңірдің ауыл мешіттерінің имамдары бас қосып, ҚМДБ жүктеген тапсырмаларымен танысты. Алдағы уақытта жеке-жеке тоқталған мәселелерге бас имам дайындық жұмыстарын жүргізу керектігін ескертті.

   Сонымен қатар ҚМДБ-ның діни оқу орындарына шәкірттер жіберу мәселесін де қозғады. Жазғы мезгілде мектеп жасындағы балаларға сауат ашу курсында жылдан-жылға жоғары деңгейде діни дәрістер өткізілу керектігін айтып өтті. Молдаларға діни рәсімдер мен мешіттегі 5 уақыт намаз өткізу кезінде ҚМДБ-ның бекіткен жаңа үлгідегі шапаның мүмкіндігіне қарай киіп жүруін тапсырды. 

 Әбілда МЕЙІРХАНОВ,

әскери зейнеткер.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: