Шу өңірі: Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!

Шу өңірі: Мәуліт мерекесі мүбәрак болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық мәдениет үйінде Шу өңірінің жұртшылығы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айы Мәуліт мерекесін кең көлемде атап өтті. Аталмыш іс-шараға аудан әкімі Рүстем Рысбайұлы, ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы, Алматы қаласы «Нұр-Мүбәрәк» университетінің докторанты Оралхан Рахматбекұлы, Аудан имамы Қуандық Мусаев және ауыл молдалары мен мешіт жамағаты қатысты.

Мәуліт кеші «Фатиха» сүресінің оқылуымен ашылды. Аудан әкімі Рүстем Рысбайұлы және ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Төлегенұлы Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған кешке жиналған мұсылман жамағаттына мерекемен құттықтап сөз сөйледі.

Кешті ауданға танымалы асаба Мақсат мырза жүргізді. Бұл жиында бүкіл өмірі тағылымы өнегеге толы адамзаттың ардақтысы атанған Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) құрметіне «Төле би» мешітінің сауат ашу курсында оқитын шәкірттер мәуліт оқыды.

Мәуліт оқылған соң арнайы Алматыдан келген қонағымыз Оралхан Рахматбекұлы Алланы және оның сүйікті елшісі Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) сүю туралы әсерлі уағыз айтты.

Сондай-ақ, ауданға танымал өнерлі жігіттер мен ақындар өнерлерін көрсетті. Айтыскер ақындар діни төңіректе сөз қозғап, халықты өздеріне баулай білді. Өнерлі жігіттер әсерлі мағыналы көріністер қойып, діни өлеңдер айтты. Сахынада Алланың сүйікті Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы роликтер де көрсетілді. Мәдениет үйіне жиналған жұртшылық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) туралы біраз мағлұмат алып, ерекше ықыласқа бөленді.

Кеш соңында Шу ауданының бас имамы Қуандық Берікұлы сөз сөйлеп, уағыз айтып, артынан аудан әкімшілігіне және жиналған жұртшылыққа өз алғысын жеткізді.

Жиын аяқталған соң, жұртшылық мейрамханада Мәуліт құрметіне жайылған дастарханнан дәм татты. Ғалымбек Төлегенұлы Құран оқып, дұға жасады.

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: