Қордайда Мәуліт мерекесі ұлықталды

Қордайда Мәуліт мерекесі ұлықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Барша мұсылман баласына белгілі желтоқсан айының 22-нен 23-не  өткен жұлдызы Мәуліт айы кіріп, күллі ғаламның рахым нұры болған ақырғы пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) тулған айы аталып өтілуде. Осы мәртебелі мерекеге орай, Қордай ауданы «Қордай батыр» орталық  мешітінде қасиетті жұма күні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, Мәуліт оқылды. 

Қордай ауданының бас имамы Жалил Торсықбайұлы Шалбаев Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өміріне тоқталып, жамағатқа уағыз айтты. Мәулітті оқуға арнайы түрде Тараз қаласы «Әулие ата» мешітінің наиб имамы Ораз Баймаханов шақырылды. Сондай-ақ, жұмаға келген жамағатқа құрма таратылды.

Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) мәуліт оқып, жиналған жұрт Алла Елшісіне (с.ғ.с.) салауат айтып, сәлемдер жолдады. Мешіт жамағаты Жаратқанға жалбарынып, ел тыныштығы үшін дұға тіледі.

Қордай ауданы

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: