«Жүректен жүрекке» қайырымдылық жасауға әзір! (ФОТО, ВИДЕО)

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық жасауға әзір! (ФОТО, ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні «Һибатулла Тарази» мешітінде жәрмеңке өтті. Аталмыш іс-шараны Тараз қаласының иманды да белсенді жастарынан құралған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қоры атқарды. Жұма намазының алдында имам жамағатқа қор жайлы мәлімет беріп, жастардың жақсылық үшін күш біріктіріп, асқақ мақсат қойғандарына қуанышын білдіріп, еліміздің иманды болашағы үшін дұға етті. Жұма намазынан шыққан халық қайырымдылық жалауын желбіреткен қорға қолдау білдірді. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деген өсиеті кім-кімді болсын елең еткізетіні сөзсіз.

Жастар – таусылмас күш пен сарқылмас қайраттың нышаны. Бүгінде жас қордың жұмыс атқарып жатқанына 2 ай болмақ. Мұқтаждарға, әлеуметтік жағдайы мүшкіл отбасыларға көмек көрсету мақсатында құрылған топ қашанда жүректен жүрекке жылулық сыйлауға дайын. Қордың ашылғанына небәрі 2 ай болса да, қазірдің өзінде топта 60-қа жуық адам бар. Ал, дәтке уақ, жыртыққа жамау болар жастардың басын қосқан қордың жетекшілері – Жанат Кушербаева мен Абылайхан Карипбаев. «Біздер мешіттермен тығыз байланыста жұмыс атқармақпыз» дейді олар. 

Осы уақыт аралығында бұл белсенді жастар 9 отбасыға көмек көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі балалар үйінің бүлдіршіндерімен де дос болып қайтқан-ды. Сондай-ақ, алдағы уақытта жұма сайын мешітке тазалық жұмыстарын жүргізуге ат салыспақ. Алғашқы жәрмеңкеден түскен қаражат бірден қайырымдылыққа жұмсалды. Жәрмеңке аяқталысымен «Жүректен жүрекке» қорының мүшелері ақ қан дертіне шалдыққан балдырған Шұғылаға көмек көрсетті. Бұл балақаймен қордың таныс болғанына біраз уақыт болған-ды.

Қайырымдылық қоры қорға мүше боламыз, қолдау көрсетеміз деген игі жандарға есігін қашанда айқара ашады.

Жастар болса да жақсылық үшін қызмет етіп жүрген «Жүректен жүрекке» қайырымдылық қорына ұзақ ғұмыр тілейміз!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі. 

Дайындық барысында

Тазалық жұмыстары

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: