Ислам - адам өмірін сақтаушы, денсаулықтың қорғаны, адамның өзін-өзі құртып, бітіруіне тосқауыл болатын ғажайып нәтижілер жиынтығы. Ислам – өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі. Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіре алады. Қалай дұрыс өмір сүру, қалай дұрыс тамақтану, қалай бала тәрбиелеу, әйелді қалай қастерлеу, қалай киіну, қоғамдық өмірдегі қатынас сияқты т.б. маңызды сұрақтарға жауап бере алады. Яғни, Ислам - «басынан аяғына» дейін құрылымы жетілген нағыз керемет дін.
Т.Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевтың ұйымдастырумен аталмыш тақырыпта қайрымдылық шарасы өткізілді. Мүмкіндігі шектеулі 1 отбасыға
көмек берілді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Мейрімділіктен қол үзген бүкіл жақсылықтан қол үзген болады»- деген. Алла разылығы үшін мейрімділік танытып, бір адамға болса да қуаныш сыйлай алу, қатып қалған жүректерді жібітетін амал екенін естен ұстайық. Жаратушы Алла екі дүние бақытын насіп етсін баршамызға.
Әбілда МЕЙІРХАНОВ,
Әскери зейнеткер