Жуырда аудандық мәдениет залында Құлан ауылының халқымен аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраевкездесу өткізді. Жиын барысында дін саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды реттеу жолдары талқыланды. Аталмыш шарада ислам діні – бейбітшілік пен келісімді, бірлік пен ынтымақты насихаттайтын пәк дін екенін атап өтіп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің және білім алудың пайдасы сияқты өзекті мәселелер тілге тиек болды.
Әбілда МЕЙІРХАНОВ,
Әскери зейнеткер