Еліміз бен халқымыз үшін ата-бабамыз аңсаған күн – Тәуелсіздік күнінің орны ерекше. Бұл күн жылдар бойы аңсап, егеменділікке қол жеткізген үлкен қуанышты күн. Осындай мереке қарсаңында ел қуанышын одан әрі қуаттай түсу мақсатында аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен «Қызыл жарты ай» қайырымдылық қорының демеушілігімен аудан бойынша 200 асыраушысынан айырылған отбасыларға қаржылай көмек көрсетілді. Әр отбасына 178 000 теңгеден бөлініп, қайырымдылыққа жұмсалған жалпы сомма 35 600 000 теңгені құрады. Қайырымдылық іс-шарасы 2 күнге созылып, мұқтаж жандардың мұңын сейілткен шара болды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі