Мауліт оқылды

Мауліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

      Байзақ ауданы Жанатұрмыс округі Көкбастау елді мекені «Қалмұрат баба» мешітінде мауліт оқылып, артынан құдай тамақ беріліп, «Қош келдің уа, Расулаллаһ» атты іс-шара өтті. Осы жиынға Байзақ баба мешітінің наиб имамы Айбек Каримбаев келіп көпшілікке Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірбаяның айтты, сонымен қатар арнайы «Адамзаттың асыл тәжі», «Сағындым сені уа, расулаллаһ», «Пайғамбарымыздың бір күндік өмірі», және «пайғамбарымыздың соңғы намазы» атты видео роликтер көрсетіліп, шәкірттеріміз діни илләһи ән айтып, имам қойған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар «Қалмұрат баба» мешітінің бас имамы Бақытбек Сағымбаев жиналған көпшілікке мәуліт жырын оқыды. Іс-шараның сонында ауыл имамдарымен ауыл ақсақалдарына сөз берілді. Осы іс-шараға үлес қосқан демеушілерге қатысушыларға «Қалмұрат баба» мешітінің атынан «Намаз оқып үйренейік», «Мұсылман қорғаны» кітаптары таратылды.

Байзақ ауданы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: