Қордай ауданының әкімі жанындағы діни кеңестің 4–ші қорытынды отырысы өтті. Кеңес отырысына ауданның бас имамы Ж.Шалбаев қатысты. Ол отырыс барысында баяндама жасап, түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатты. Баяндамада аудандық мешіттердің аудан тұрғындарының сауатын ашу бойынша атқарылған іс-шараларын, қарилар орталығының хал-ахуалы жайлы және мешіттердің құжаттары бойынша өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Баяндама бойынша хаттамалық шешімдер ұсынылды. Келесі жылдың жоспары бекітілді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі