Мұсылман жұртшылығы Мәуліт мерекесін атап өтуде. Пайғамбар және Елші ретінде жіберілген Пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед (с.ғ.с) 571 жылы сәуірдің 20-на тура келетін рабиул әууәл айының 12-сі дүйсенбінің түнінде таңға жуық Меккеде дүниеге келді. Осы бір айды қасиетті тұтқан мұсылман үмбеті бізді тура жолға бастаушы сүйікті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, өнегелі ғұмырын насихаттап бүгін «Һибатулла Тарази» мешіттінде мәуліт оқылды. Мәулітті оқуға арнайы «Әулие ата» мешітінің наиб имамы Ораз Баймаханов шақыртылды. Сондай-ақ, жұмаға келген жамағатқа құрма таратылды.
Аталмыш күндердің сұлтаны болған ұлық күні осы мешітке демеушілік жасап, қолдап жүрген азаматтарға арнайы дастархан жайылды. Мешітке жәрдем жасап жүрген 18 кәсіпкер мешіттің ақ дастарханында бас қосып, жомарт жандарға бас имам дұға жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.