Жастар ісі бөлімінің өкілі марапатталды.

Жастар ісі бөлімінің өкілі марапатталды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жағаласса жыртқызбаған жағасын, тайғақ кешсе тайдырмаған тағасын қайсар қазақ елі жастарын бала кезден Құранмен, халық ауыз әдебиетімен сусындатып өсірген. Жалпы қай халық болмасын бала тәрбиесіне ат үсті қарамаған. Өйткені, ұрпақ тәрбиесі қашанда басты мәселе. Жастар – ел болашағы. Ал, болашақ иманды болса ғана шаңырағымыз биік болмақ.

Осындай ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жастарды тәрбиелеуге ат салысып, иман жолын насихаттаптап жүрген имам-молдаларымызға, ағаларымызға Алла разы болсын!

«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында облыс жастары мен олардың мақсат-мүдделерін іс жүзінде жүзеге асыруда атқарған жүйелі жұмысы үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі бөлімінің өкілі Ержан Аманбаев марапатталды.

Алғыс хатпен марапаттауға арнайы келген «Жастар орталығының» қызметкері Арайлым Абдуалиеваның айтуынша, Жамбыл облысы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар орталығы» КММ мен бірлесе отырып 2015 жылы 17 іс-шара атқарған. Айта кетсек, «Экстремизм мен терроризм», «Иманды қыз – ел болашағы», «Жастарды көркемдікке тәрбиелеу», «Суицидтің алдын алу» сынды тағы басқа тақырыптарда кездесулер, бас қосулар, дөңгелек үстелдер жүргізілген болатын.

Алдағы уақытта әлі де талай істі бірлесе атқарып, иманды жастардың санын арттырамыз деп мақсат етуде жастарды қолдаушылар. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: