Бүкіл әлемде етек алып бара жатқан, қоғамның санасын улап, жарға соққан жат ағымдардың алдын алу мақсатында «Нұр Отан» партиясының ғимаратында мемлекет қызметкерлерімен дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиынға «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Таңат Тілманбетов, Дін істерін зерттеу орталығының маманы Ерзат Жакупов қатысты.
Дін атын жамылған теріс ағымдардың сипаты, зияндары мен зардаптары оның дәстүрлі дінімізге жаққан қара күйесі, қазақ даласында орын алып отырған осы топтардың саны мен белгілері талқыланды.
Бір жыл ішінде радикалды ағымдардың құрбаны атанғандар мен дәстүрлі дінімізге қайтқандар туралы мәліметтер ортаға салынды. Сондай-ақ, бас қосуға қатысушылар көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.