Терроризм жойылсын!

Терроризм жойылсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында №10 Шу колледжінде аталмыш тақырыпта кездесу өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.А.Бастаубаева, Шу аудандық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Б. Әліпбаев, Алға ауылының молдасы Қ.Абдраимов және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар Орталығы» КММ-ң ұйымдастырушысы, аға кеңесшісі М.Н.Атайбеков қатысты.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің ертеңі, болашағы тек жастардың қолында дегені белгілі. Қоғамда қауіп-қатер тудырып тұрған мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризмнің еліміздің, әсіресе жас ұрпақтың арасында, қарқынды орынға ие болып жатқаны, қызығуы, байқаусызда тап болуы,теріс бағытқа бет бұрып бара жатқандығы, еліміз үшін, еліміздің ертеңі болашағымыз жастар үшін өте қауіпті болып отыр. Кездесудің мақсаты ұрпақ бойына жаман әдеттерден аулақ болып, жақсы қасиеттерді сіңірте отырып, ізгілікке адамгершілікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.  

Кездесу соңынан әр-түрлі сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Шу аудандық Төлеби мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: